Рассказ про верность друга на казахском

мосщчщчпзчх мосщчщчпзчх    1   01.08.2019 14:30    0

Ответы
kiss86gv kiss86gv  03.10.2020 19:43
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Буат-буат ақшаң болғанмен бақытыңды бөлісер бір досың болмаса тірлігіңнің мазмұнды бола қоюы қиын. Қазақ халқы үшін "дос” киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: "Ақылы көпті жау алмас, досы көпті жау алмас” . Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбатпа, әлде арзан ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады. Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады. Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем. Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi