Рал тағдыры – адам тағдыры» Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды.
1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп, теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдеу процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды.
Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.
Қазіргі кезде аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын, оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

1.Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. (4 ұпай)

Gummanitarii Gummanitarii    2   03.03.2021 11:29    2

Ответы
amina318 amina318  03.03.2021 11:30

сабақтын щщсдвлрпшчщвлпллпл орро әр ол әр ал

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi