Рақат апай менің желінбей қалған, әркім көшеге тастаған нандарды жинап, фермаға апарытынымды да біледі екен. Атама соны айтып еді, ол кісі: “Нан қадірін білген адам ғана - нағыз адам. Жаның жомарт, алақаның ашық, пейілің кең болсын! Тілеген тілегіңе жет, балам!” - деп, сол арада екі алақанын жайып, бетін сипады. Ой, құлыным, мұнан артық не керек бізге?! Ақкөңіл, адал жүрегімен батасын берген екен ғой! - деп Ажар жүрегі жарыла қуанып, немересін аймалап сүйе бастады.
Шәйімкүл-ай, Шәйімкүл, мұнда кел. Қуан. Той жаса. Құлынымыз мақтау қағазымен қоса Дәрмен атасынан бата алып келіпті.
Ермек аң-таң.
Әже, “бата” деген не? - деді қысыла, күмілжи сұрап.
Ой, жаным, ол - атаңның ақ тілегі емес пе? Ол үлкен алғыс, балам!

Hunnnnty Hunnnnty    2   24.11.2020 13:51    5

Ответы
котикДжеек котикДжеек  24.12.2020 13:53

Объяснение:

Бата туралы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi