Әр сөзінің толық аудармасын өтіріксіз жазыңыз, мен 55 ұпай беремін Напишити полный перевод каждого слова без обмана,
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен
алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі.
Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан.
Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз.
«Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме» «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады.
Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты.
Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді.
Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар.