Рәміздер елдігімнің белгісі эссе жазған адамға алдын ала рахмет

МЫСЛИТЕЛЬ512 МЫСЛИТЕЛЬ512    1   04.02.2021 20:39    0

Ответы
викусик150 викусик150  04.02.2021 20:40

ответ:Рәміздер – елдігімнің белгісі

Мен елімнің Рәміздерімен мақтанамын.Біздің Рәміздерді жасау үшін ағаларымыз көп еңбектенді.Бүкіл елдер рәміздеріміз арқылы біледі.

Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.- деген өлең жолдары ту туралы айтылған.Тудың сол жағында сары түсті ою,ортасында күн және қыран құс бейнеленген.Тудың авторы Ш.Ниязбеков.Туды Мемлекеттік мерекелерді,салтанатты жиналыстарды шығарады.Біз туға қарап тұрып әнұран шырқаймыз.

«Қазақстан» -Ұраным.

Тұлғасында түзілген

Ыстық қаным, діл, арым.

Төріме іліп,

Төсіме

Тағып жүрер Тұмарым! – деген өлеңді елтаңбаға арнап жазған ағаларымыз.Бұл елтаңбаны сипаттап,оның қасиетін түсіндіріп тұр.Елтаңба авторы Ж.Мәлібеков.Шаңырақ,жұлдыз,Қазақстан жазуы,қанатты пырақ бейнеленген елтаңба мемлекеттік орындарда ілініп тұрады.

Жан дауысы халқымның

Шабыттана шырқалар.

Киелі сөз, сазды әуен

Шырқағанда, нұр тамар.

Беріле тыңдап,

Егіле

Жанып тұрар мың жанар.- деген өлең жолдарынан әнұран туралы айтылғанын түсінемін.

Қолымызды жүрек тұсымызға қойып,әнұранды әр дүйсенбіде,мемлекеттік мерекелерде айтамыз.Әнұранда біздің ел туралы жазылған.Әнұран авторлары Ш.Қалдаяқов.Н.А.Назарбаев.Ж.Нәжимединов.

Рәміздердің шығу тарихыда бар.Баяғыда ру,тайпаларды өз таңбаларына қарап ажыратқан.Әр тайпаның өз таңбасы болған.Біз Тәуелсіз Қазақстанда өз Рәмізіміз бар.

Қазақстан Республикасының ұлттық Рәміздері еліміздің Тәуелсіздігінің белгісі.Мен өзімнің еліммен,Отаныммен,Қазақстаныммен мақтанамын.Біз осындай керемет елде тұрып жатқанымызға Ұлы бабаларға,ер жүрек апа-аталарымызға алғыс айтамыз.

Еліміздің туы биікте болсын,елтаңбамыз төрде тұрсын,әнұранымыз шырқала берсін деп тілеймін!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi