Үріккен еликтей,жас киіктей,құндыздай мақпал қара,құралайдың козіндей,оқ деген ақбөкендей,түлкідей епті,қырдың қызыл түлкісіндей,қояндай қарғып мәтің құрау

лена6385 лена6385    1   02.08.2019 08:20    5

Ответы
куся26 куся26  03.10.2020 20:10
Қыз бала келе жатқан аттылардан  үріккен еліктей қорқып , тығылды. Жас киіктей ырғып-ырғып қашып, шатқалды паналады.Күннің көзі тура түскенде құндыздай мақпал қара шашы ерекше әдемі көрінеді.Оның аласы аз құралайдың көзіндей әдемі көздері тұнжырап, жылауға шақ қалды.Осы сәт өзін оқ тиген ақбөкендей дәрменсіз сезінді.Аттылар өз жөндеріне кетіп бара жатты.Қауіпсіз екенін сезген ол түлкідей епті қимылмен шатқалдан түсіп келе жатты.Көңілі жайланған қыз қырдың қызыл түлкісіндей құлпыра түсті.Тау-тастан қояндай қарғып түсіп, ауылына бет алды.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi