Әр елдің астанасы- мемлекеттің алтын бесігі болып табылады. Өйткені ол мемлекеттің бет-бейнесі, оның жүрегі. Ал біздің Елордамыз Астана күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Ол- болашақтың қаласы, ел тәуелсіздігінің ордасы. Адамзат тарихында астанасын жаңартқан мемлекет аз емес. Ғасырлар бойғы бабалар арманын төрт-бес жылда Астанадай қала салған мемлекет болған емес. Біз Елбасының сындарлы саясатының арқасында жаңа ғасырға, мыңжылдыққа өркениетті ұлт, тарих сахнасында егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке, жаңаша керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамыз бен көкте қалықтаған қырандай желбіреген көк туымызды көргенде, әуелеп ұшқан әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ сезім билері анық. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала болған Астана-өнер, білім және мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды. Бұл көрмеде мемлекетіміз өзінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетті. Осындай еңселі ордамыз бар біз бақытты ұрпақпыз. Көтерілген меселе