Публицистикалық стильге мысал келтіріңдер

polisorb2 polisorb2    1   05.09.2021 14:21    4

Ответы
boha3 boha3  05.09.2021 14:30
1) Мақала. Еліміздің абыройын асыратын игі істердің тағы бірі –дінаралық татулық.Егемендігіміздің елең-алаңында аяқ алысымыздың аңысын аңдыған талайлардың Қазақстанды іштен ірітетін осал тұстарының бірі оның көпдінділігі деп жамандық шақырып баққанын біз ұмыта қойған жоқпыз.Президент Нұрсұлтан Назарбаев ол мәселенің де шешімін тапты. Елдің өз ішінде шешіп қана қоймады ол мәселені,осыдан он жыл бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндеркөшбасшыларының съезін шақырып,оны дәстүрге айналдырып,Қазақстанды дүние дидарындағы дінаралық татулық мекені ретінде танытты, әртүрлі діндердің бір елде келісімге келіп, жарасымды дами алатынын нақты дәлелдеп берді,осы арқылы бүкіл әлемдегі дінаралық шиеленісті бәсеңдетуге, яғни бейбітшілікті нығайтуға үлкен үлес қосты. («Егемен Қазақстан» газеті)
2) Шешендік сөз.
Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау ба деп,
Найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса –
Хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды,
Ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – Еріткелі келгенбіз, Қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — Танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең –
Шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң,
Мен арыстан – алысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желіммен Жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, Бермесең – тұрысатын жеріңді айт! (Қазыбек би)
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi