Птері л 1. Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштері, яғни сәулет және мүсін өнерінің кереметтері –
әлем халықтарының ортақ мұрасы. Ерекше құрылыс нысандарын топтастырып, олардың
үздіктерін бөлектеу көне Грекиядан бастау алып, әлемнің жеті кереметі, тіпті, бертін келе жаңа
кереметтер тізімі анықталды.
2. Кейінгі дәуірлерде заманауи сәулетшілер мен инженерлер де әлемге таңғаларлықтай
кереметтер сыйлауда. Заман ағымына қарай олар ойлау қабілетін ғана өзгертіп қойған жоқ,
сондай-ақ болашақта әлемге әйгілі болатын құрылыстардың материалдарына да түбегейлі
өзгерістер енгізді. Париждегі ерекше сұлулық пен шығармашылықтың шыңы саналатын Лувр
пирамидасы әйнек пен металл тіректен соғылған. Ағылшын каналының астында орналасқан
ұзындығы 50 шақырымды құрайтын Еуротуннель теміржол үңгіртауы, 102 қабаттан тұратын
Нью-Йорктың көкпен тірескен ғимараттары, «Алтын қақпа» көпірі, Итайпу гидроэлектр стансасы
сияқты кереметтердің бәрі – заманауи инженерлер мен сәулетшілер салған, таңдай қақтырар
ғажайыл құрылыстар. Яғни, сәулет өнеріндегі әлем кереметтерін ғылым мен техниканың
жетістіктері деп толыққанды айта аламыз.
3. Десек те, әлемде жаратылысы бөлек, ғажайып орындардың бар екенін жоққа шығара
алмайсың. Иә, шынында, табиғаттың өзі де сұлу да әсем, шебер туындыларға бай. Оларды адам
қолымен немесе техниканың көмегімен жасалған деп айта алмаймыз. Мәселен, Перудегі Мачу-
Пикчу «әлемдегі ең әсерлі қирандылар» деп саналады. Олар Урубамба өзенінің шатқалы
қоршаған тау шыңындағы тік еңiстi қыратта орналасқан.
4. Алысқа бармай-ақ, Қазақстанның шарын шатқалдарын айтсақ та болады. Шарын - қазақ
елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған
үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан
салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды. Шарын шатқалының «Австралия Ұлттық
саябағы» мен «Аризон толқынына» ұқсайтын белгілері бар.
5. Мұндай керемет әрі мінсіз сәулет құрылысын адамзат қолымен тіпті жасай алмайтындай
көрінеді. Осындай құрылысы ерекше орындарды тарих сахнасынан жоғалтып алмай,
болашаққа бұйырту – қазіргі адамзат алдында тұрған үлкен міндет.
bi
Өнер - ортақ қазына
Өнерлінің өрісі ұзақ
Ел іші - өнер кеніші​

виктор238 виктор238    3   20.10.2020 02:15    1

Ответы
yoongi2017 yoongi2017  19.11.2020 02:15

Өнер - ортақ қазына

Объяснение: 100 процент верно

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi