Прочитать текст и ответить на вопросы.
№ 9 - сабақ: Мінездеме, құрылымы. Түрлері, жазылу жолдары
Мінездеме – қызмет орнында жұмыс істейтін немесе оқитын адамның іскерлігін, біліктілігін,
кәсіби деңгейін сипаттайтын іс қағазының түрі. Мінездеме басқа қызметке ауысқанда, оқуға түсу
кезінде қызметкердің кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында, іссапарға шыққанда беріледі.
Мінездемеде қамтылатын мәселелер: 1.Жеке адам туралы мәлімет (аты-жөні, ұлты, туған жылы,
туған жері, отбасы жағдайы, азаматтығы, әскери қызметке қатысы т.б.). 2.Қызмет істеген орны,
кызмет атқарған жылдары 3. Жеке басының қасиеттері 4.Мінездеменің қайда берілетіндігі туралы
мәлімет. 5. Мекеме,ұйым басшысының қолы 6. Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы)
7. Мекеме, ұйым мөрі Мінездеменің үш түрі бар: Қызметтік мінездеме – мінездеменің кең
тараған түрі. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады.
Қызметкерді басқа бір вакансияға, оқу орнына ұсыну мақсатында жазылса, ұсынылған адамның
мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады. Аттестациялық мінездеме – белгілі бір адамның
атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттестация
қорытындысына орай жазылады. Мұңдай мінездеме қорытындысында, атқарып отырған қызметіне
«лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық» немесе «атқарып отырған қызмет
орнына лайық емес» деген секілді түйінді сөздер жазылады. Жеке
мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т.б.сипаттай отырып
жазылады. Қорытынды бөлімде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мінездеме
«еңбек келісімін ұзарту үшін» т.б. Мінездеме А4 форматты қағазға жазылып, көлемі 1 беттен аспау
керек. Кейде не мақсатпен берілгені жазылады. Мінездеме алушы адам парақтың соңына
«таныстым» деп қол қояды, фамилиясын, күнін жазады. Мінездемеге мекеме мөрі басылады. 2 дана
етіп жасалып, қызметкерге және мекемеде қалдырылады. Ол ресми құжат ретінде тіркеледі.
Тапсырма: Мінездеме жазуға қатысты сөздерді жазып, сөздік құру.
Бақылау сұрақтары: 1. Мінездеме қандай құжат? 2. Мінездеменің қандай түрлері бар?
3. Мінездемеде қандай мәселелер қамтылады?
ІІ. Өткен шақ есімшенің -ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтарын жалғап жазып, ауызша орысшаға
аудару: меңгер..., оқы..., бітір..., аяқта..., ту..., үйлен..., үйленбе..., ажырас..., жұмыс істе..., бол...,
беріл..., қол қой..., жаз..., бар..., қорға..., оқуға түс..., ие бол..., қатыс... , жаса ... .
ІІІ. Сөздерді еске сақтаңыз, олармен сөйлем құраңыз: еңбексүйгіш (трудолюбивый), адал
(верный), қадірлі (уважаемый), білімді, білікті, өнерлі (талантливый), тәжірибелі (опытный), үлгілі
(примерный), беделді (авторитетный).