Последний раз О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқала ру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.
(150 сөз)
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. [1]
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз баяғыда [1]
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1. Жылқы нені армандайды?
[1]
2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты?
[1]
4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.

I Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс.
II Жылқы мақтанады.
IІІ Күн түйені алып келеді.

A. II, I, ІІІ B. ІІІ, II, І C. II, IІІ, І [1]
ІІ. ЖАЗЫЛЫМ
Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз (60-70 сөз).

Naymchim Naymchim    2   28.10.2020 15:18    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi