Поскольку казахский язык дается мне с трудом, я о в сочинении. полученное сочинение я использую для того, чтобы взять идею для своего. сочинение "что ты ощущаешь, когда слышишь любой казахский кюй". я выбрал кюй курмангазы " браун в написании сочинения о нем.

Nastionka6757 Nastionka6757    2   20.06.2019 07:00    0

Ответы
werasdfghjfdfd werasdfghjfdfd  16.07.2020 09:55
Қазақтың күй өнері қазақ халқында ерекше орын алады. Себебі қазақтың күйін тыңдап отырсаңыз, кең даланы, халықтың салт-дәстүрін, тарихын, халықтың ерке мінезін сезіне аласыз. Халқымыз ұлтымыздың дарынды күйшісі Құрманғазыны ерекше пір тұтқан. Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың күй өнерінің атасы болып саналады. Оның мұраға қалған бірнеше күйлері бар. Соның менің көңілімнен шыққан күйінің бірі - "Балбырауын" күйі. Бұл күйді кең дастархан үстінде тыңдаған едім. Бір естігеннен көңіліме қонды. Кейін іздеп келе, бұл атақты Құрмаңғазының күйі екенін білдім. Күйдің тарихын білгім келіп, ғаламторға жүгіндім. Іздеп келе, күй Браун деген немістің атақты шенді а арналған екен деген пікірді кезіктірдім. Дегенмен, оған қарсы пікір де айтылған екен. Кейбір ғалымдар бұл Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін, күйзелген халықтың  көңілін бір серпілтейін, бір балбыратайын деген ниетпен "Кішкентай" күйінен кейін шығарылған күй деседі. Қалай болғанмен, күйді тыңдап отырып, сол кезде сол халықпен бірге жасасқандай күйге енесіз. Күй өнеріне аса жақындығым болмағанмен, "Балбырауын" күйі мені халықтың музыка өнеріне бір қадам жақындата түсті. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
jankirik jankirik  16.07.2020 09:55
Қазақ күй өнерінің саңлағы, рух жебейтін құдіретті күйлері қазақтың қиыр даласының төрт бұрышында орындалатын Құрманғазы – күллі елге ортақ тұлға, өнер абызы. Ол өзінің өзгеге ұқсамайтын асқақ әуенімен ауыл арасынан шығып, аймағына, алыс-жақынның бәріне құдіретті әуен асқақтығын жеткізіп, дүйім жұртты дүр сілкіндірді.Ақтаудағы  жаңа ескерткіш бабаға – құрмет, болашаққа сый. Күйші-сазгер, домбырашы, аспапты халық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының еңселі ескерткішінің ашылуы рухани байлығы мол өткенімізді, өткенді қадірлей білетін ізгілігімізді танытқан тағылымды шара болды.
Маған Балбырауын күй ұнады, себебі күйде өте ғажайып әні бар. «Балбырауын» деген күйді Құрманғазы Браун деген әлде графтың, әлде дворянның балына арнап шығарған екен деген сорақы «тарихты» таратып жүргендер де – осындай өзі де, сөзі де будандастырылып кеткен қазақтар. Шындығында, ол кәдімгі «балбырау», «балбырату» дегенді ғана білдіреді. Құрманғазы мен үшін өте дарынды күйші,сазгер ,домбырашы. Ол біздің есімізде мәңгілікке калған.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi