Қараңғы қазақ көгіне , Өрмелеп шығып , күн болам ! Қараңғылықтың көгіне , Күн болмағанда , кім болам ? Мұздаған елдің жүрегін , Жылытуға мен кірермін ! Еңбек , бейнет тарауы Рақатқа сарқылар . Қыздырып күннің қарауы Надандық теңізі тартылар . Орны отайып көгерер , Қызығын жайлап ел көрер . Тұрмыс , тағдыр - бірі де Бұл мақсаттан бұра алмас Қаһарман , Рүстем , Әлі де Бұрам деп жолда тұра алмас Сыланған жардың күлісі , Алдандырмас бірісі . 1 - ші сұрақ : Осы өлең арқылы С.Торайғыров қандай мәселені көтеріп отыр ? 2 - ші сұрақ : Өз еліңнің " КҮНІ " болып жарқырау үшін не істеу керек деп ойлайсың ?