Помагите 5-тапсырма. Мәтінді оқы. Шылаулардың түрлерін ажыратып, топтап жаз.

Демография - халық санын, өсімін, құрамын анықтайтын ғылым. Демографтар негізгі үш мәселеге көңіл бөледі: туу, өлім, миграция. Алғашқы «миграция» туралы ғылыми ұғымды ағылшын ғалымы Е. Равенштейн 1885-89 жылдары енгізді. Ол миграция немесе көші-қон белгісін «адамның мекенжайының тұрақты немесе уақытша өзгеруі» деп өте қарапайым түрде түсіндіреді.

Миграция - бүкіл жаһанды қамтып отырған үздіксіз үдеріс. Қазіргі кезде дүние- жүзіндегі халық саны 7 миллиардтан асты. Адам саны көбейген сайын миллиондаған халық кедейленіп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қиынға соға бастады. Қоршаған орта ластанып, табиғи ресурс сарқыла түсуде. Осы мәселелердің салдарынан миграция пайда болды: адамдар бір географиялық орыннан екінші бір қонысқа ауысуда. Тұрғындардың жайлы қоныс табу мақсатындағы ел ішіндегі көші «ішкі миграция», мекен- жайын мемлекеттер ауқымында ауыстыруы «иммиграция» деп аталады.

Миграция бірнеше әлеуметтік мәселені туындатады. Бұл - жаңадан қоныстанушыларға қатысты әділеттілікке жатпайтын мәселелердің көрінісі. Айталық, АҚШ сияқты кейбір мемлекеттер иммигранттарға азаматтық алу құқын береді. Ал енді бір елдер иммигранттардың өзін былай қойғанда, олардың балалары мен немерелеріне де азаматтық бермейді. Мәселен, түрік эмигранттарының балалары қанша жерден Германияда туып-өсіп, оқып-тәрбиеленсе де, ешқашан ол елдің азаматтығын ала алмайды.

Демографтардың айтуынша, соңғы жиырма жылдағы экономикалық және саяси толқулар мен жаһандану туындатқан мүмкіндіктер халықаралық миграцияны арттырды. Жаһандық миграцияға соғыс пен ашаршылық факторлары әсер етеді. Дегенмен, кейбір мигранттар Оңтүстік Корея, Малайзия секілді жаңа индустриялы елдерге экономикалық даму мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін де іздеп барады.

Ал мигранттардың үйіне жіберген табысы анағұрлым артта қалған елдердің өмір сүру деңгейін жақсартты ма, жоң па? Бұл сұрақ әлі де айқындалмады.

Миграцияның түрлері қысқа мерзімдік, ұзақ мерзімдік, қайта оралмайтын миграция, жүйелі түрде жүзеге асатын көші-қон, үздіксіз жүретін көші-қон, өз еркімен жүзеге асатын көші-қон, күштеу арқылы жүзеге асатын, қалаға, ауылға, сауда-саттық, экономикалық, еңбек мақсаттарымен біржолата жүзеге асатын көші-қон болып бөлінеді.​

RihDest RihDest    3   13.05.2021 07:23    49

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi