Роман (11 — 12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр.
Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады.
19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, “мінез диалектикасын” ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңес заманында М.Горкий, А.Толстой, М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады.