Ерулік — дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсіретпеуді де көздейді. ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.