По братски даю 1-тапсырма.Сұқбатты оқып, не туралы екенін анықтаңыз.
- Экология нені зерттейтін ғылым?
- Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым.
- Экология ғылымы қай ғылымдарымен тығыз байланысты?
- Экология ғылымы география, физика, химия пәндерімен байланысты.
- Экологиялық факторлардың түрлерін атаңыз.
- Абиотикалық-климат, атмосфера, топырақ, су, жарық, t0т.б. Биотикалық-тірі организмдердің өзара қарым-қатынасы.Антропогендік-адамның іс әрекетінің табиғатқа әсер етуі.
- Қандай экологиялық орталарды білесіңдер?
- Су, жер-ауа, топырақ, тірі организмдер ортасы.
- Экожүйесінде қандай проблемалар бар?
- Суды ластау, балықтар мен жануарлардың құрып қалуы, ормандарды құрту.
- Ал солардың ішінде жаһандық проблемалар бар ма?
- Парниктік әсері, озон жырығы, әлемдік мұхит ластануы, тұщы су проблемалары, тб.
- Экологиялық апат дегеніміз не?
- Табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынас әбден шиленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан эколгиялық тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Экологиялық апат адамның тікелей немесе жанама әсерінен болады. Өсімдіктер, жануарлар түрлері мүлдем жойылады. Басты эколиялық апат – ол биосфераның ластануы.
- Қандай экологиялық апаттарды білесіңдер?
- 1945 ж. Хиросима, Нагасаки – атом бомбалары радиоактивті заттар таралады, 1986 ж Чернобыль АЭС – ең ірі апат болды.
- Табиғи апаттарға не жатады?
- Жер сілкіну (землетрясение), жанартаудың атқылауы (извержение вулкана), сел жүру (затопление, наводнение), қатты дауылдар(шторм), құйындар (торнадо), қар көшкіні т.б (лавина)