По 3 примера (откен шак) например: жедел откен шак-мен кеше мектепке бардым.бурынгы откен шак-сен кинога баргансын.ауспалы откен шак-ол дептерге жазатын.

Dgj8 Dgj8    3   25.07.2019 06:30    1

Ответы
nelya1184 nelya1184  24.09.2020 11:13

Жедел өткен шақ.

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады.

Мысалы: Асан концерттің ашылуында  домбыра тарт-ты.

Мен мерекелік жиында өлең айт-ты-м.

Демалыста сен ауылға келме-ді-ң.

Бұрынғы өткен шақ.

Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.

Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.

а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің, (ол) айт-қан.

б) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге еді, екен көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады.

Мысалы: Сен мектепті бес жыл бұрын бітіргенсің.

Ол жұмыстан демалыс алып ауылга барыпты.

Кеше маған шетелден хат келген екен.

Ауыспалы өткен шақ.

Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын.

Сен кітапханаға қашан баратын едің?

Мектепте оқып жүргенде мен кітапханаға жиі баратынмын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi