ПМәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы - Көлсай көлдері жүйесіндегі су қоймаларының бірінен басқа, батып кеткен кемелердің діңгектері сияқты су түбінен шыршалар өсіп шыққан атақты Қайынды көлін көруге болатын жер. Зерттеушілердің пікірінше, екі көл де ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы жер сілкінісі мен опырылу салдарынан пайда болған. Алайда, бұл факт туристердің өңірдің қасиетті географиясына деген қызығушылығын тек арттыра түседі. Ұлттық саябақтың өзі Қазақстан Республикасының ең жас қорғалатын табиғи объектісі болып саналады. Ол 2007 жылы ақпанда құрылды және 161 045 га аумақты бақылауына алады. Көлсай көлдері Күнгей Алатаудың шығыс жақ cайында орналасқан. Көлдер жүйесі теңіз деңгейінен 1800, 2250 және 2700 метр биіктікте орналасқан. Көлсайдың тамаша өңірі жануарлар мен өсімдік әлеміне бай. Тіпті ғажайып мекенде сирек әрі жоғалып бара жатқан табиғат дүниесі мен жануарлар шырасып жатады. Көне мәдениеттік мұраның орындары бар. Ұлттық саябақ аумағында 40 түрлі жабайы жеміс-жидектін жеуге жарамдысы өседі, Көлсай өңірінде 226-ға тарта жан- жануарлар кездеседі. Жалпы алғанда Қазақстандағы жануарлардың 21 пайызын дәл осы өңір кұрайды.