План к тексту ТЫҢДАЛЫМ Оқылым -тапсырма.
Мәтінді тыңда, оқы.
6
Біздің заманымыз – ақпарат ғасыры. Сондықтан қазір
ғаламтор жүйесі барлық жерде қосылған. Қай жерде жүрсек те,
әлемде не болып жатқанын жылдам біліп отырамыз.
Мен 5-сынып оқып жүргенде ғаламтор клубтарына жиі ба-
ратын едім. Былтыр әкем біздің үйге де ғаламтор желісін қосты.
Сондықтан мен қазір ғаламтор клубтарына бармаймын. Қажет
ақпаратты үйде отырып, тауып аламын. Тек демалыс күндерінде
достарымызбен әдейі жиналып баратын кездеріміз болады.
Мен ғаламторды үй тапсырмаларын орындағанда көбірек пай-
даланамын. Әсіресе, реферат, жоба жұмыстарын жазғанда өте көп
қараймын. Бірақ ешқашан дайын материалдарды көшірмеймін.
Өйткені көшіру мәдениетке жатпайды.
Ғаламторда оқушыларға арналған сайттар: ашық энциклопе-
Диялар, анықтамалар, географиялық карталар, ең мəнді тарихи
дерек қоры бар. Мен биыл қазақ тілінен «Мағжан Жұмабаевтың
шығармашылығы» атты жоба жұмысын жазып, мектепішілік
байқауға қатыстым. Бірінші орын алдым. Енді қысқы демалыста
қалалық байқауға қатысамын. Осы жобаны орындауда маған
ғаламтор көп пайдасын тигізді.
Мен үш тілді еркін білемін. Олар: орыс, қазақ, ағылшын тілдері.
Қазір ғаламтор арқылы француз тілін де үйреніп жүрмін. Онда
аударма, түсіндірме сөздіктерді пайдаланамын. Қазақ тілінен
сабаққа дайындалғанда аударма сөздіктен жеке сөздердің ау-
дармасын қараймын, ал түсіндірме сөздіктен түсініксіз сөздердің
мағынасын іздеймін. Өзімнің білімімді сынау үшін кейде әдейі
сөздіктерді өшіріп тастаймын. Бұл өзім білетін сөздерді есіме
түсіру үшін өте пайдалы,
Ғаламтордан өзіме қызық онлайн кітаптарды оқимын. Кей-
де нино, мультфильмдерді көремін. Әйтсе де компьютерде көп
отырмауға тырысамын. Ата-анам да көп отыруға рұқсат етпейді.
Себебі компьютерде көп отыру денсаулыққа зиян. Компьютерді
күніне 2 сағаттан артық пайдаланбаған жөн.
МӘТІНМЕН ,​

sab435 sab435    1   11.01.2021 11:35    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi