Pl.ease ДАЙТЕ 55 ОЧКОВ ДАЮ 2- тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді табыңыздар. Ұлттық тағам – халықтар достығына жол С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді. Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды. Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты. – Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады. 1. Мақал-мәтелдер 2.Тұрақты тіркестер
Дербес пікір жазу тәсілі.
1.Өзіндік пікір,ой,идея (1 сөйлем)
2.Дәлел (2сөйлем)
3.Өз пікірдіңді айғақтайтын мысал (2 сөйлем)
4.Өз пікірдіңе қарсы дәлел (1 сөйлем)
5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал (1 сөйлем)
6.Қорытынды (2 сөйлем)
«Достықтың Отаны – Қазақстан» тақырыбына дербес пікір жазу.
1. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
2. "Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр.
3. Бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
4. Әрине, елде түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін.
5. Дегенмен, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз деп білемін.
6. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!
Объяснение: