Перевидите на русский Мұрат лагерьден келген күннің ертеңіне терезенің жанында бірдеңе тысырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы бір орында жүгіріп тұр екен. «Бұнысы несі?» -деп таңданды Ұлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайто төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе тұрып, біресе отырды. Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды. Тысқа шықты да: «Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп қайттың ба?» -деді Ұлжан шешей. «Жаттығу жасап жатырмын», - деді баласы. «Ол не дегенің?» «Лагерьде бізге күнде жаттығу жасататын. Үйде де жасап тұрыңдар деген. Апа, бұның пайдасы зор. Үнемі жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.» Ұлжан дөңгелек столға шай жасап жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті. Үйдің артында өзен бар еді. Бақшадан келе жатқан Батырбай қарт бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. «Мұратжан-ау, мынауың не?» -деді. «Шынығып жатырмын», - деп жауап берді Мұрат