Перевести только не переводчиком! адал дос екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімеселеп келе жатты . оның біреуі аблан да , екіншісі- абыз. абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді. абыз: - аблан, қаш, әне, ит келіп қалды,- деп қатты қорқып, айқайлып жіберді. аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. ашулы ит аблан- ның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. үлкендер келіп , абланды құтқарып алды. абыз абланның жанына келіп: -мен қаш дегенде неге қашпадың? қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртып тастамас еді, - деп жатыр. -мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. өйткені, сен қатты жүгіре алмайсың ғой. сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, - деді аблан. - достар деген осындай болар, - деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.