Перевести текст по казахской за 5 класс қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - наурыз күні. "наурыз" - парсы сөзі, қазақша айтқанда "жаңа күн" деген ұғымды білдіреді. бұл мереке жыл сайын наурыз айының 22-де мерекеленетін болған. яғни бұл күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастаған кезі. осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. сондықтан наурыз күнін ертедегі жаңа жылдың басы - ''ұлыстың ұлы күні' деп есептен, зор қуанышпен қарсы алған. жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірін-бірі жаңа жыл - наурызбен құттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар үстінде бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ бата беріскен. мұны олар өлең, тақпақ арқылы да білдірген.