Перевести текст мәшһүр жүсіп көпеев қазақтан шыққан көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы. бес жасынан бастап ауыл молдасынан дәріс алған. жастайынан еті тірі, зерек хамар хазірет деген үлкен оқымысты молданың алдынан жеті жыл бойы сабақ алады. молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. арабтың, парсының тілін үйтетеді. мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі. жеті-тоғыз жасында «ер тарғын», «қозы көрпеш — баян сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтқан. сол себепті де мәшһүр деген атқа ие болады. он бес жасында медреседе оқып жүріп өлең жаза бастайды. он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген деседі. ол туралы ақынның өзі былай дейді: