Перевести текст ;
еліміздің абыройын асыратын игі істердің тағы бірі –дінаралық татулық.егемендігіміздің елең-алаңында аяқ алысымыздың аңысын аңдыған талайлардың қазақстанды іштен ірітетін осал тұстарының бірі оның көпдінділігі деп жамандық шақырып баққанын біз ұмыта қойған жоқпыз.президент нұрсұлтан назарбаев ол мәселенің де шешімін тапты. елдің өз ішінде шешіп қана қоймады ол мәселені,осыдан он жыл бұрын әлемдік және дәстүрлі діндеркөшбасшыларының съезін шақырып,оны дәстүрге айналдырып,қазақстанды дүние дидарындағы дінаралық татулық мекені ретінде танытты, әртүрлі діндердің бір елде келісімге келіп, жарасымды алатынын нақты дәлелдеп берді,осы арқылы бүкіл әлемдегі дінаралық шиеленісті бәсеңдетуге, яғни бейбітшілікті нығайтуға үлкен үлес қосты.