Перевести нужно,досконально не нужно просто о чем рассказывается таңертеңгi шайдан соң үй-iшi де, қонақ атаулы да тысқа шығып кеткен. қыстың бiр ашық күнi екен. абай үлкен бөлмеде оңаша отырып қапты. алдында кең дөңгелек, аласа үстел тұр. абай бiресе сол үстелге шынтақтап, бiресе алақанымен мықынын таянып үнсiз отыр. iшiнде ой шырағы жанғандай боп, салмақпен қараған көздерi анда-санда қарсыдағы терезеге қадалады. күн түсiп тұрған қарлы адырға ұзақ-ұзақ қарай түседi. өзiнше бiр мығым күщпен, ұғымсыз бiр мұңмен жұмырлана бүгiлген төбе-төбелер. биылғы қыс ел сөзiнен, тынышсыз жүрiстерден абай өзiн босатып алып, үйде көбiрек орнығып отырған қысы. көп өлең жазылған жылдың бiрi де осы болатын. сондай өзiмен өзi боп толғана ойланған уақыттарында, көз алдына көптен көп оралатын – осы адырлар. бұлар күн райына қарай әр түрлi ажар көрсетедi. ақындық шабыт кейде осы адырмен көп сырласқандай болады. бұлтты сұрғылт күнi, ол адыр күн шуағын сағына мұңданады. ашық күнi жылы, жарқын, жазын көксегендей көрiнедi. жеткiзбес арман жеңсiгi жеңген адыр. абайдың осындай боп үндемей ойланып қалған кездерiн қабағынан танитын жолдасы бар. ол – мұндай шақтарда үндемей, көп қозғалмай отыратын баймағамбет. қазiр, тiптi, қарап отырмас үшiн ол абайдың тобылғы сапты сарбас қамшысына бүлдiрге тағып отыр. анда-санда абайға қарай түсiп, өз жұмысын iстейдi. бiр кезде баймағамбет абайға көз тастап едi, оның ернi күбiрлеп, қолы да әлдекiммен сөйлескендей қозғала түседi. бұрын мұндай әдетi болмаушы едi. биылғы қыс жалғыз отырған шақта, анда-санда абай осылай ететiн бiр машық тапты. баймағамбет бiледi, бұндай күйдiң артынан абай көбiнесе, қағаз қарындаш алғызады. баймағамбет оның ненi керек қылғанын түсiндi де, шапшаң тұрып барып үстелдiң үстiне екi үлкен кiтапты әкеп қойды