Переведите на русский язык
Мәтінді аударыңыз.
Қазақта «Ат - адамның қанаты» деген мақал бар. Тұлпар - дала пырағы,
оның ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке,
бостандыққа жетелейді. Тұлпар - күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың
сиволы. Айрықша күш - қуаттың, күн нұрынан дарыған ғажайып қасиеттің
иесі. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясында да кең тараған образ. Ол- биік
арманның, шығармашылық шабыттың, қажырлылық пен кеңістікті
жалғастырады. Діни түсінік бойынша, киелі пырақ адамды Тәңірлер мекен
еткен Аспанмен байланыстырады. Ол - мәңгіліктің белгісі. ( «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік нышандары» кітабынан.)