Переведите на , без переводчика , надо для пересказа на кратко. казахи проснитесь) ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен. — шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты. бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді. — саған не болды сонша жыланып? сен нағыз бай емессің бе? – дейді. — мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – ол қандай байлық? — сенің көздерің ше? бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт. -оның не? ! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын. — ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің? — жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт. — міне, көрдің бе, сен өте бай ң. ң ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – оны ақшаға сатып ала алмайсың. қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.