ПАРЫЗ БЕН ҚАРЫЗ Кезінде талай адамға жақсылық жасап едім. Не керек, соның бірде-бірінен
істеген жақсылығымның қарызы қайтпады, - деп налыған бір адамға досы:
Оған өкінетін ештеме жоқ, достым. Өйткені, біреуге істеген қайыр,
жақсылық әлдебір алаяқ саудагердің несиеге беретін қарызы емес,
адамшылықтың парызы ғой, - депті.
Досының әлгі сөзіне құлақ түрген әлгі адам содан былай өзгеге істеген
жақсылығы жайында жұмған аузын ашпайтын болыпты.
Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестерін табыңыз оларды мағынасы сәйкес келетін сөздермен алмастырыңыз? Көмек кажет