Парталасынмен бірге кестені толтыр.Неологизмдер,термин сөздер,диалект сөздер,кәсіби сөздер​

bokkvika2908 bokkvika2908    1   01.12.2020 16:36    3

Ответы
atapinalidia577 atapinalidia577  31.12.2020 16:37

Неологизмдер:

Ережесі:

Ғылым мен техниканың,өндіріс пен шаруашылықтың,мәдениетпен тұрмыстың кеңінен дамыған тұсында тілге жаңа ұғымдарды білдіретін сжаңа сөздер.

Мысалы:

Жағдаят,үнтаспа,жазылым,ландшафт,патент,фабула,ноутбук,офис,менеджер,планшет,сыйақы.

Термин сөздер:

Ережесі:

Ғылым,техника,өндіріс,өнер және т.б. саладағы белгілі бір ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.

Мысалы:

Фонетика,меридиан,қосымша құн,айналым,нота,энергия,тұрақ,жарнама,ғаламшар,тұлға,климат,квартет.

Диалект сөздер:

Ережесі:

Белгілі бір жердегі тұрғындар қолданатын,әдеби баламасы бар,басқа жердегі халыққа таныс емес сөздер.

Мысалы:

Шалбар (сым),қабырға (жар),жұмыртқа (тұқым),тәртіп (нұсқау),құдағай (құдағи),дарбыз (қарбыз),саспа (қысылма),ауқат (тамақ,ас)

Кәсіби сөздер:

Ережесі:

Жұрттың бәріне түсінікті бола беремейтін,белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар қолданатын сөздер.

Мысалы:

Пышқы,шербек,ыңғыру,атауыз,қоза,терімші,дүмбі, әңгелек,шит,торта,күлхән,аттіс,созан,әптік,балта,зорат.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi