Парасат болу менин парызым дегенге эссе куры берндерши интернеттен емес❤️

АВатар1765 АВатар1765    1   12.09.2019 20:51    0

Ответы
Chamomilla1 Chamomilla1  07.10.2020 10:25

Парасатты болу – менің парызым.

Осынау өмірге анамыздың құрсағында тоғыз ай жатып барып қана келдік. Жарық әлемді, дүниені көрдік. Бірден бәрін біле тумағанымыз рас. Бойымыз ғана емес, ойымыз жыл артынан жыл өмір жатты. Бізге берілген тәрбие, біздің ортамыз, көргеніміз бен естігеніміз мына "мен" деген тұлғаны құрады. Ал осы қамшының сабындай ғана қысқа өмірге біз не үшін келдік?

Әр нәрсеге мақсат керек. Тамақ пісіреміз – қарнымыз ашпас үшін. Кітап оқимыз – іздегенімізді табу үшін. Ұйықтаймыз – демалу үшін. Ал өмірдегі мақсат ше? Сіздікін қайдам, менікі бұлыңғыр. Мақсатқа деген баспалдақтар бар, бірақ қай есіктен бір шығарары белгісіз. Мақсат деген оқуға түсу, университетті жақсы оқып шығу, жұмыс табу, үй алу, отбасы құру емес екенін түсіндім. Ол – үлкен дүние. Мақсат неғұрлым үлкен болып, оған қол жеткізсеңіз, соғұрлым өзіңізді, өмірді жеңгеніңіз. Ал сол мақсатқа мен парасатты болу арқылы ғана жетемін. Сондықтан да басты парызым – зерделі де саналы болуым. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өзі:

" Бақыттың мәні — парасаттылықта, әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде... адамның өз мінез-құлқын , іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағаттап отыруында" деп айтып өткен екен. Расында да, әр мәселені орынды шешіп, әр қадамымызды ақылға салып, қоғамнан ала бергеннен гөрі, беруді әдетке айналдырсақ – нұр үстіне нұр. "Өмір" бағындағы "гүлдердің" ішінен "жағымды иісімізбен", артта қалдыратын еңбегімізбен ерекшеленейікші.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi