Параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;
Бағалау критерийі
Шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық ерекшелігін көрсетеді
Көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдап, автор стилін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 – 20 минут
1 Тапсырма
Берілген үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазыңыз.
Жеті жұрт көшіп кеткен соң,
Атамыз қазақ баласы
Конып, мекен еткен жер.
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап, Жүзден-жүзден нар байлап, Дәулеті қалың біткен жер...
...Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!..
2 Жоғарыдағы үзіндіден көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысын талдаңыз.
Автордың стилін ажыратыңыз.