ПӘНІ: КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ №3
1-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма
«Медбике және науқас» диалог құрастыру.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай керекті қосымшаларды қою.
ауру... шағымдары қазір... жағдайы аурухана... түскен күні шағымдар... сипаттамасы асқазан... қатты сыздауы сол жақ бел... берілуі дәрі ішкен... кейін аурухана... жасалған ем ата-анасының әлеумет ... жағдайы тұрмыс... шығуы туралы ауру... пайда болуына кейін... жылдары асқазан... қыжылдауы көрші аумақтар... берілуі
3-тапсырма. Төмендегі мақал –мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру, асты сызылған сөздердің синонимін, антонимін, омонимін табу.
1. Ауру батпандап кіреді, Мысқалдап шығады.
2. Жаны ашымастың қасында Басың ауырмасын.
3. Тұмау аяғы – құрт, Тұман аяғы – жұт. Бас аманда, мал тәтті, Бас ауырса, жан тәтті.
4. Ауру – аяқ астында.
4-тапсырма. Төменде берілген етістіктерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.
Емдеу, демалу, байқау, анықтау, суық тию, сапар шегу, қатысу.
5–тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. ... жедел жәрдем шақыру керек. 2. ... аурудың себептерін дер кезінде анықтау керек. 3. ... үнемі дәрігердің бақылауында болған жөн. 4. ... бөлменің ауасын таза ұстау керек. 5. ... курсқа барып жүрдік.
6-тапсырма. Төмендегі берілген дәрігердің сұрақтарына жауап әзірлеу.
1. – Аяғыңызды (қолыңызды) қашан зақымдап алдыңыз?
- ...
2. – Қозғалғанда ауыра ма?
- ...
3. – Буыныңыздың қызарған жоқ па?
- ...
4. – Буыныңыз қызарған жоқ па?
- ...
5. – Алғашқы жәрдемді кім көрсетті?