Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті Күні: «22» - желтоқсан 2020 ж
Сынып: 7- «___»
(оқушының аты-жөні)
«Қазақ тілі Т2» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқу мақсаты:
7.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау.
7.ТБ1.3. Топтау сан есімдерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық,
биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы
бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме
жабық тұрады екен.
Бір күні қыз қарияға:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге
қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың.
Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады
әкесі.
Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін
ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және
кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:
- Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық,
өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса,
еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария.
Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
1. Шығарманың жанрын анықтаңыз.
А) ертегі
B) әңгіме
С) повесть
D) новелла
2. Шығарманың негізгі идеясы қандай?
А) үлкенді құрметтеу
В) баланы тәрбиелеу
С) оқуға шақыру
D) туғандарын сүю
3. Мәтіннен қыздың іс-әрекетін тауып жазыңыз.
Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз.
А). Қария ұршық пен өрмекті не үшін «жақсыларға» жатқызды?
В) Қария қызына кітаптың маңызын не деп түсіндірді?
Жазылым.
1. «Сәнді киімдер»- деген тақырыпқа 100-120 сөзден тұратын эссе жазыңыз жазыңыз. Топтау сан есімдерін қолданыңыз.
Топтау сан есім (Группирующие)
Нешеден? Қаншадан?
(по сколько?) -дан, -ден, - тан, - тен,
- нан, - нен. Алты+дан, екі+ден,
бес+тен, он+нан