Озаглавить текст и написать основную мысль на казахском . бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. бұл жердің тұрғындарының: «біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты. күндердің күнінде бір отбасында алып дүниеге келеді. ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. ға толағай деп ат қояды. сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған толағай дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. сонда қарт айтқан екен: – толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. сондықтан жаңбыр жаумайды, -дейді. толағай: – ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді. қарт толағайға риза болып, рұқсатын береді. арада ай өтеді, жыл өтеді. бір күні толағай тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. арада біраз уақыт өткен соң, толағай әлсірей бастайды. ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді. содан бері ол тауды ел «толағай» деп атап кетіпті. жаңбыр жауған сайын жұрт толағайды есіне алады екен.

keti230187 keti230187    1   13.09.2019 16:40    17

Ответы
qalaysiz345 qalaysiz345  13.09.2019 16:40
Название - "толағайдын ерлігі"
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi