Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын лексикалық минимумды пайдаланып анықта. Шылауларды тауып, жалғаулықтардың қай түріне жататынын айт.
1. Саябақта бозбала мен бойжеткен отырды. 2. Қыздың келбеті сұлу екен. 3. Мен олармен амандастым да сауалнама алдым. 4. Олардан жора-жолдастары қандай
екенін, кімге еліктейтінін сұрадым. 5. Бозбала мен бойжеткеннің сөздері бір-бірімен тоғысты. 6. Олардан жастарды түйткіл мәселесін сұрадым. 7. Бозбала мен бойжеткен бірнеше бастамашыл ой айтты.