ответьте на вопросы по тексту Теңіз жайында әңгімелескен керемет! Әңгіме болатын: балықтың бағыты қалай, тереңге кете ме, тайызға шыға ма? Бүгін күн қалай батты, ертең жел соға ма, жоқ па? Балықшылар бүгін Райдың үйіне жиналды. Олар теңіз жайында, балық жайында әңгімелесіп отырды. Аттылы біреу есік алдына тоқтады. Аттан түсті. Атты байлап, сәлем беріп, үйге кірді. Кіріп келген — Кәлен еді. Балықшылар Кәленді таныды. Балықшы жас жігіт: — Аға, отырыңыз! Төрге шығыңыз, — деді. Кәлен төрге шықпай, төмен отырып: — Еламан, саған келдім, — деп ойындағысын бірден айтты. — Кәсіп іздеп келдім. — Е, ат ұрлауды қойып, енді балық аулауға шықтың ба? — деді Рай. Балықшылар шошып қалды. Кәлен асықпады. Ол ашуланбай, түк болмаған кісідей жадырап: — ≪Бала ғой≫, — деп жүрсем, ержеткен екенсің, — деді. Балықшылар жадырап сала берді. Еламан: — Жарайды, шаруаңды айт! – деді. — ≪Саған кісі керек≫, — дейді ғой. Мені пайшерік қып алуға қалайсың? Мұз оятын кісі керек пе? — Ал, керек. — Ендеше, мені ал! — Шодырға бар... Билігі сонда. — Міне, сөз! Ендігі жерде сендермен бірге жүріп көрейін. Ертеңінде Еламанға Андрей келді. — Сақ бол. Федоров: ≪Аудың барлығы жарамсыз≫, — деп жатыр. Ертең сені бар адамыңмен мұз үстіне айдап шығайын деп жатыр. — Мұз әлсіз емес пе? — Оны мен де айттым. Бірақ Федоров тыңдамайды. Сақ бол! Тек абай- лап сөйлес! — деп кетті Иван.
1. Мәтінге ат қой.
2.Оны дәйектеп жаз.
3.• Мәтіннен антонимдерді тап.
4. Мәтіннен бұйрық райлы етістіктерді тауып, жасалу жолдарын, жағын анықта.

nactya201613 nactya201613    1   21.12.2020 06:32    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi