ОТВЕТИТЬ НА ВОПРОСЫ ПО ТЕКСТУ УДЕЛИТЕ ПАРУ МИНУТ НА ЗАДАНИЕ,ЛЮДИ ДОБРЫЕ

1.КІМДЕР БЕРЖАБАЙ ЖОЛДАП,ЖЕКСЕНБІ КҮНІ ҚАЛАНЫҢ АР ЖАҒЫНА ТАРТТЫ?

2.ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫҢ ОЛАР ҚАЙДА КЕЛДІ?

3.ОЛАР ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛҒАНЫН МӘТІННЕН ТАУЫП,ОҚЫ

Жетішатыр — жақсы қала.

Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы — қымыз, ойын-сауық —«кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем, Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық,жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйтсоққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней...Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.

Стипендиядан жырмалаған азды-көпті тиынның қызығын көргелі адам сияқтанып отыз тиынға бержабай жалдап, жексенбі күні ар жаққа тарттық.

Келген жылымыз. Қаланың жай-жапсарына қанық емеспіз.

— Бір шерік қымыз...— деп аузыңнан шығуы-ақ мұң, Шәкет жылп етіп, бір үлкен бөтелкені алып келеді. Даярлап қояды-ау деймін. Кемешті сары тегешті алдына тақап қойып, төңкере лықытып, бұрап-бұрап шорылдатып, қымызын лезде құя қояды. Қою сары қымыз көбігі бұрқырап, быжылдап иісі кеудеңді жарады.

Әупілдекше кекіріп, қымыз кеңірдекке келіп, көзі қызарған қонақтар шүлеңгер жігітсіп:

— Мә, қарындасым, өзің іш!— деп кезек-кезек Шәкетті сыйлайды. Шәкет ернінің ұшын тигізіп бір жұтады да, аяқ иесіне қылмыңдап бір қарап, қайта құйып береді.

Шәкет — он бес-он алтыдағы жас бала. Пәлен сұлу да емес. Бірақ бет пішіні, көз қарасы неше алуан құбылады. Кейде қасын керіп сызыла қалады, кейде назданғандай көзін қысыңқырап қылымсиды, кейде сені сүйем дегендей құлақтанып терең қарайды,кейде көзін жалт еткізіп жайдарыланақалады. Әйтеуір тоқсанқұлпырып отырған бір көз.Қонақтарын небір-екі ауызәзілімен, не сиқырлы көзімен сыйлайбіледі. Аңғал адамішінен «мені-тәуір көріп отыр» депойлап қалатын. Шәкет кімді жақсыкөргенін бір алла білмесе,кім білсін... Көзімен алдап,ақшасын қаққалыотырғанын ақымақтар қайдан білсін...

Әркім барын базарға салып, мал таппақ, күнелтпек қой. Шәкет те көзін сатып күлгірленіп отырғаны—күнелтудің карасы. Тұрмыс, жоқшылық не қылғызбайды, Шәкетте де сол мұқтаждық. Шәкет бір үйлі жанды көзімен асырап отыр. Шәкет ақшаға қызықса, әлдекім біледі... Аяйсың Шәкетті. Қарғайсың мынау отырған есіріктерді. Мынау жүгенсіздер, анау қасын керген жеңгесі Шәкетті бұзбай қояр ма?..

Қала жігіттері қалжыңға топас келеді ғой.

Әзілі жараса алмай, қымыз ұсынуға зорлап отырғанда, арсалаңдаған бір жігіт кіріп келді. Өз үйінен жаңа келе бір кесені алып, «құйшы!»— деп, Шәкетке сүйкене отыра кетті.

Қонақтар: «Бәрекелді! Жақсы келдің!»— деп аяқтарын ұсынды.

– Шәкет, қарағым, гармонды әперші!

– Ойбай уақытым жоқ, бержабай күтіп тұр...

– Барарсың, азырақ әнсалып кет...

Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды. Шәкет сырнайын әперді. Әнші Шәкетке қарап мырс етіп: «Болмас, болмас»,— деп, гармонды қолына алды.

Әнші, еркін, ерке екен. Шәкетке қарап:

— Бетімнен бір сүй, ән салайын,— деді.

— Ойбай-ау! Сөйтпей...— деп Шәкет назданды.

— Онысы дұрыс. Әйтпесе нашына келмейді,— деп отырғандар кеу-кеуледі.

Шәкет сүйе қоймады. Әнші ұялып қалатынын сезді білем, еңкейген кісі болып, байқаусызда Шәкеттің бетінен сүйіп алды. Шәкет әнтек қызарып, басыла қалды.

Әнші көңілі дауалағандай, ырғалаңдап мойнын бұрып салып, гармонды барылдатып күйледі.

Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір-бір ауыздан ән салды. Аз да болса бірегей болды.

Сүмірейте,қылмита соқты,желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағыпкетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді, бойды шымырлатты.

— Өйт, шіркін!.. Па, сабазым-ай!

—Ой, пәле-ай!

Мидай жазық құла түзде ішің пысып келе жатқанда, көзіңе сұлу орман, сәулетті тау көрінсе, көріктен, оттан айырылған, қабағынан қар жауған қариялардың ортасында, кенеттен атқан таңдай сұлу сәулем қыз көрінсе, қараңғы түнде ел таба алмай сандалып келе жатқанда, аяғыңның астынан қиуадан от жылт етіп көрінсе, қандай қуанып, кенеліп қаласың. Жапа-тармағай жым болып томсарып, тоң-торыс отырған жандарға әншінің әні де сондай әсер берді. Көңіл бір жадырап шайдай ашылды. Әттең, ауыздың дәмін ала алмай, құмарымыз қана алмай қалдық.

—Бұл қай әнші?

—Әнші Әмірқан осы,— деді.

—Әмірқанды жұрт мақтайтын. Бір естуге мен де ынтық едім.

—Әмірқанның үйі осында ма?

—Осында.

—Үйінен қашан табылар екен?

—Оны қайтесіңдер?

— Әншейін... Әнін бір естуге...

—Оны үйден ұстай алмайсыңдар. Ол — бір сағым.

—Өзі не кәсіп істейді?

— Әмірқанда кәсіп бола ма? Ән салғаннан басқа...

—Ақша тапса, жарайды ғой...

—Көп үстіндегі жігіт емес пе? Оған кедейлік бар ма?

—Өлеңді ақша сұрап айта ма? Жоқ...

—Аштан өлуге бейіл, өлең айтып ақша сұрағанын көргеміз жоқ.

—Онысы қызық екен!..

—Өзі де қызық жігіт. Онсыз топтың ажары кірмейді. Әйтеуір жандырып жүреді.

Расында жандырып жіберді.

Әмірқанның жайынан аз әңгімелесіп, қымызға қанған соң пәтерімізге қайттық.

djuraev488 djuraev488    2   20.12.2020 23:47    5

Ответы
avatar23455 avatar23455  19.01.2021 23:49

Объяснение:

1) Əмірқан

2)ауылға

3) Бір шерік қымыз...— деп аузыңнан шығуы-ақ мұң, Шәкет жылп етіп, бір үлкен бөтелкені алып келеді. Даярлап қояды-ау деймін. Кемешті сары тегешті алдына тақап қойып, төңкере лықытып, бұрап-бұрап шорылдатып, қымызын лезде құя қояды. Қою сары қымыз көбігі бұрқырап, быжылдап иісі кеудеңді жарады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi