ответить на вопросы:
1. ақынның ''ертең біз жол жүреміз'' атты өлеңі не туралы?
2.ақынның тағы қандай өлеңін білесің?
3. ақын туралы кімдер пікір айтты? олар ақынды қалай бағалады?

wasdas390wasdas390 wasdas390wasdas390    2   04.10.2019 12:13    45

Ответы
piloyanmurad piloyanmurad  11.09.2020 06:35

1. "Ертең біз жол жүреміз" өлеңінің авторы - Мұқағали Мақатаев. Бұл өлеңде автор болашақ жайлы ой толғайды. Жат қылықтар мен жаман атаулыны артқа тастап, ертеңге күнге, яғни жарқын болашаққа тек жақсылықпен аяқ басуға шақырады.

2. "Жолдастарға", "Егер де айта алмасам айтарымды", "Болашақтың елшісімін," "Дұшпаның бар ма?", "Аласарып ай батқан", "Алпысқа келдіңіздер" т.б. көптеген өлеңдері бар.

3. Ақын туралы пікірлер:

Әбіш КЕКІЛБАЕВ:

М.Мақатаев — адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ:

Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың — ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз.

Қадыр МЫРЗА-ӘЛИ:

Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның талантты тас қалаушыларының бірі едің.

Зейнолла СЕРІКҚАЛИЕВ:

Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы — болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы.

Әбділдә ТӘЖІБАЕВ:

Мұқағали Мақатаев — біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.

Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.

Мұқаметжан ҚАРАТАЕВ:

...Арамыздан тым ерте кеткен тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамында-ақ оның аяқ алысынан айрықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді.

Аңғармаппыз...

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi