Отинем тез комек тешиниздерши


Отинем тез комек тешиниздерши

ivanovavlada36 ivanovavlada36    3   06.10.2020 13:37    1

Ответы
sansankushnir2p08nd5 sansankushnir2p08nd5  06.10.2020 14:01

Көшпелілер туралы диалог.

Кенжебек: Мұратхан, сен көшпелілер жайлы ең бірінші кім жазғанын білесің бе?

Мұратхан: Ия, Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазғанын кітаптан оқыған болатынмын.

Кенжебек: Дұрыс айтасың. Мен үй тапсырмасын оқып отырып, көшпелілік тақырыбына қызығып, қосымша мәлімет іздей бастадым.

Мұратхан: Ия, тарих қашан да қызықты мәліметтерге толы болады ғой. Сонда тағы не білдің?

Кенжебек: Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа антик тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары сипаттаған екен.

Мұратхан: Сонда, жалпы «көшпелілер» деген кім екен?

Кенжебек: Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.

Мұратхан: Көшпелі халықтар, оның ішінде ғұндар мен түркілердің тарихына ерекше мән берген тарихшы Л.Н. Гумилев болды. Сол туралы естуің бар ма?

Кенжебек: Ия, Ол Еуразия көшпелілерінің бұл құрлықтың тарихында алатын орнын өте жоғары бағалады.

Мұратхан: Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптаса бастады?

Кенжебек: Археолог К. Ақышевтің пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы қола дәуірінің соңы, темір дәуірінің басына, яғни б.з.д. IX—VII ғасырларға дәл келеді. Осы кезден бастап, Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу, ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауын қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан. Оңтүстік Қазақстан аймағында ерте заманнан-ақ көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы шаруашылық пен тұрмыс орын алған екен.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi