"Отбасындағы тәрбие-жасөспірім ушін заң" мектепшілік мақала жазыныз​


Отбасындағы тәрбие-жасөспірім ушін заң мектепшілік мақала жазыныз​

1903vita 1903vita    1   15.03.2021 11:01    0

Ответы
никлася никлася  14.04.2021 12:03

Олар ойламаған жерде шалыс басып, қылмыс әлемінің есігін ашып жатады. Осындай сәтте оларды тәрбие ғана түзеп, оң жолға салуы мүмкін. Тәрбиеге қатысты әдебиет сыншысы, публицист В.Белинский: «Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс» деп үлкен баға берген. Сондықтан да баланы инабаттылыққа тәрбиелеу – бәріміздің адал борышымыз. Отбасындағы ата-ананың тәрбиесі баланы саламатты өмір сүруге үйретеді. Ендеше, баланың қалыптасуына ең бірінші отбасы тәрбиесі тікелей әсер етеді. Сондықтан да әке мен ана тәрбиесі – балалар үшін өте маңыз­ды. Себебі, оның мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соларға қарап өсетін нысанасы. Біздің бабаларымыз «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», деп үлкен баға берген. Сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, тал бесікке салып, имандылыққа тәрбиелеген.

Әр адамның тағдыры тәрбиеге тығыз байланысты. Жақсы тәрбие алған а жақсы өмір сүре алады.Теріс тәрбие алғандар күлдікөмеш өмір кешеді. Ақыл-парасаты аз, ішімдікке салынып, ес-ақылынан айырылған ата-анадан не қайыр. Әке-шеше құлдыраса құлықсаналық жағынан балаға кес­а­паты тиіп, оның тікелей психикасына әсер ететіні сөзсіз.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi