"Отбасыдағы сүйіспеншілік тақырыбында" эссе жазыңыз. Өз ойыңызды толық жеткізуге тырысыңыз. Ең кемі 75 cөз.​

Misha211103 Misha211103    1   28.12.2020 10:19    5

Ответы
DedMazaj DedMazaj  28.12.2020 10:20

Отбасы татулы­ғы мен үйлесімділігі ата-ана мен бала және ерлі зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік сезімімен тығыз байланысты. Ата-ана мен бала және ерлі-зайып­тылар қатынасында өзара түсіністік, сыйластық, көмек тек қана отбасы мүшеле­рінің арасында сүйіспеншілік сезімі болғанда ғана бақытты жандардан тұратын отбасына айналады. А. Некрасов өзінің «Материнская любовь» еңбегінде отба­сындағы татулық, үйлесімділік көбіне ананың еншісінде деп есептейді. Осы автордың ойынша көптеген жастар «махаббат» пен «ғашық» болу сезімін ша­тастырып, отбасын құрады және бірден дүниеге сәби әкеледі. Ғашықтық сезім – өткінші сезім, ол әркімде әр түрлі уақытқа созылады. Сондықтан ғашық болған жастар 1-2 жыл жақсы достар болып кездесіп жүріп, сол уақыт аралығында ара­ларында тек түсіністік, бірі болмаса екіншісіне өмір мәнсіз көрініп, ал бірге болғанда бүкіл дүниеде тек екеуі ғана бар, осы адамнан басқа ешкімді қаламай­тындай, байқамайтындай сезім болғанда жастар отбасын құруға, дүниеге сәби әкелуге шешім қабылдаса, олар өмірде кездесетін барлық қиындықтарды бірге көріп, бірін-бірі қолдап тату-тәтті өмір сүрер еді

Объяснение:

Во

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Ruslan5278 Ruslan5278  28.12.2020 10:20

Менің отбасым

Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.

Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластықпен және бауырмашылдықпен бірге қиындықты жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан тоймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi