Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бакытты жанұя болып саналады. Отбасындағы адамдар бір-біріне тосынсыйлар
ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасау, бір-біріне қолдау көрсету
аркылы өзара сыйластықтарын көрсетеді. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар
сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына
жиналып, бір-бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды
отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді. Жанұяның қонар күту рәсімі
ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты әр түрлі болады. Қазақ халқы
қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан
жайған Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіга қамқор болу,
мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу сияқты отбасылық дәстүрлер ертеден
қалыптасқан. Орыс халқында балаға отбасындағы құрметі адамның есімін
беру және отбасылық мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар.
Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген
сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды
рөл атқарады. Себебі «Отан отбасынан басталады».мәтіндегі сын есімдерді жаз(написать прилагательные из текста)​

burakova1985200 burakova1985200    3   17.10.2020 19:58    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi