Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң алтын бесігі. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олар ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әкешешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді. Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады.
2-тапсырма. Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді тауып жаз.
деректі зат есім:
дерексіз зат есім:
ЭТО СОР