Отан кайдан,неден басталады? такырыбына эссе жаз

КаринаМандарина12 КаринаМандарина12    1   14.09.2019 10:32    21

Ответы
ivanovapolina86 ivanovapolina86  29.04.2020 16:18

Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен еш­уақытт­а кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.

Отанды сүю ұғымы туған табиғат­қа, отбасына, мектепке, дос­тарына, кітапқа, суретшілер шығармаларын­а, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игілік­тің бәріне деген сүйіспен­ші­лікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың пат­риоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біз­дер ағаштарғ­а, гүлдерге, үй-ішінің тынышт­ығына деген тал­пыны­сымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспен­ші­лікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құр­дастарын, үлкендерді құр­меттеуді тәрбиелемес бұрын, халық­қа деген­ сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi