Осыншама алып құрылысты дәлме-дәл өлшеп салуға нендей сызықтар мен өлшемдерді қолданғанын білгісі келді. Бас зергерге сауал қойды.
Қыпшақ өлшемдері туралы кітап жазып жүрмін, – деп бастады
сөзін зергер.
Қай ұлттың болмасын, өзіндік өлшем заңы бар. Қыпшақ
өлшемдері де ешкімнен кем қалыспайды.
Бас зергер өлшем заңдары туралы көп айтты. Бұдан Иланшы
Қадырханның ұққаны: Әлгі өлшемдер кездейсоқ келтіріле салмайды, ел
мен елдің, салт пен дәстүрдің арақатынасынан шыққан.
Арыстан баба кесенесін әлі тамашалап жүрген. Оң қабырғадағы жар-
ма қақпадан өтіп, кіші бөлмеге енді. Төрт қабырға да жарылған қызғалдақ
қауызындай тепе-тең, жұмыр қабырғадан тұрады екен. Ескерткіштің тағы
бір ерекшелігі күмбез астына бірде-бір тұғыр не тіреу қойылмаған. Бас
зергердің құрылыс есебіне жетік жан екеніне енді көз жеткізді. ...Иланшы
Қадырхан мен зергер зәулім ескерткішті көп аралады... .
л. Досжан
СОСТАВИТЬ ПЛАН​

vseznaika29 vseznaika29    3   09.02.2021 10:54    13

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi