Осыдан біраз жыл бұрын үлкен крейсерлік кеме капитаны Чарльз Мур Тынық мұхитында көшіп жүрген үлкен күл-қоқыс «аралын» көреді. Кейін ғалымдардың зерттеуі бойынша, бұл суға батпайтын әртүрлі пластмасса құтылары мен қатты тұрмыстық қалдықтардан құралған қоқыс үйіндісі болып шыққан. Бұл Тынық мұхитындағы күл-қоқыс «аралының» көлемін дәл анықтау мүмкін емес. Кемеден қарағанда оның шегі мен шеті көрінбейді. Ал ұшақтан оны анықтау тағы қиын. Ғалымдардың пікірінше, үнемі көшіп жүретін бұл күл-қоқыс «континентінің» жалпы көлемі 700 мың шаршы шақырымнан 1,5 миллион шаршы шақырымға дейінгі аумақты алып жатқан көрінеді. Яғни, бұл мұхиттағы күл-қоқыс «аралында» 100 миллион тоннадан астам әртүрлі қатты тұрмыстық қалдық пен қоқыс жинақталған. Чарльз Мурдың есебінше, күл-қоқыс «аралының» 80 пайызы құрлықтарда тасталған күл-қоқытан, 20 пайызы кемелер палубасынан мұхитқа лақтырылған әртүрлі қоқыс қалдықтарынан құралған. Міне, адамзаттың табиғатқа жасаған қиянаты құрлықты қойып, алып мұхиттарды да улап жатыр. Тапсырма: Мәтіннен қиыса, матаса және меңгеріле байланысқан тіркестерді теріп жазыңыздар.

Like2942 Like2942    2   04.11.2021 21:27    17

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi