Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған. «Көксерек» тұңғыш рет «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3). Әуезовтің «Қараш-Қараш» (1960), «Қилы заман» кітаптарында, 12, 20 томдық шығармалар жинақтарында шықты. Бірнеше рет жеке басылды, А. Пантиелев аудармасымен «Новый мир» (1960, №9) журналында жарық көрді. Көптеген шетел тілдеріне аударылды. 1977 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды.[1]

Объяснение:
10000000000000000000000000000%