Осы мәтінге жоспар құраныз. Қорқыттың аты түрік тектес халықтар арасында әртүрлі аңыздар арқылы жақсы танымал. Қазақ аңызы бойыншаҚорқыт – әуен, әннің атасы, аңыз– адам, сыбызғы киесі. Аңыз бойынша Қорқыт жастайынан адам өмірінің сонша қысқалығына налып, қашсаң құтылмас ажалға қарсы күрескісі келеді. Өз ойын іске асыру үшін және мәңгілік өмір туралы арман қуған Қорқыт адамдар ортасынан кетеді, бірақ, қайда барса да, оның алдынан көр, өлім шығады: ормандағы құлап, шіріп жатқанағаш та, даладағы қураған шөп те, тау да, тас та – барлығы Қорқытты өлім күтіп тұрғандығынан хабардар етеді.“Қайда барсаң да – Қорқыттың көрі” деген халық мәтелі осыдан қалған. Мұны тығырыққа тірелгенде, бір нәрсеге жолы болмағанда қолданады. Қорқыт жан – дүниесінің күйзелгенін басу үшін шырғай ағашынан алғашқы қобыз жасайды да, оған шек тартып, азапқа толы ойы мен сезімі осы сыбызғы арқылы шертеді. Жыршының жан дүниесінен өрілген осы сыбызғы сазы бүкіл әлемге таралды, кереңнің құлағына жетті, – дейді аңыз. Сол ықылым заманнан бері Қорқыт әуені мен қобызы – оның көзіндей, киесіндей халық жүрегінде жасап келеді.

Сокол111111111 Сокол111111111    1   21.10.2020 22:31    0

Ответы
Маджидия Маджидия  21.10.2020 23:01

1 қорқыт атаның танмалдылығы 2 əуеннің атасы 3 түсіне кіруі 4 кəзірге дейін жасауы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi